08.12.2023 _ 11:20

Атырау облысында инвестиция тарту көрсеткіші жоғары

Атырау облысында инвестиция тарту көрсеткіші жоғары

Атырау өңірі бүкіл республика бойынша инвестициялар тарту бойынша алдыңғы орында тұр. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде сыртқы инвестиция – 902 млрд теңге, ішкі инвестиция – 1,5 трлн теңге. Бұл жайында өңір әкімі Серік Шәпкенов орталық коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады. 

Елімізге тартылған инвестициялардағы Атыраудың үлесі 18,3%-ды құрайды. 

«Есепті кезеңде облысқа 3,5 млрд АҚШ долларына тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Оның ішінде, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазуға, құрылысқа, кәсіби, ғылыми-техникалық қызметке және басқа да салалары қамтылды», – деді С.Шәпкенов. 

Биыл облыста полипропиленнен өнім өндіретін 3 инвестициялық жоба іске асып жатыр. Өңір әкімі бұл кәсіпорындардың қай бағытта жұмыс істейтіні жайлы айтып өтті.

«Біріншісі -құны 76 млрд теңгені құрайтын Атырау қаласынан жүк тасымалдайтын теміржол вагондарын жасау зауыты. Зауытта 1 700 адам жұмыспен қамтылады. Екіншісі- сұйытылған газ сақтау қоймасы. Жоба құны – 18 млн АҚШ доллар. Үшіншісі – аумағы 5,6 га құрайтын жылыжай құрылысы. Жоба құны – 8 млрд теңге», – деді өңір басшысы.

Олар 2024 жылы іске қосылады.