23.10.2024 _ 10:46

Жамбыл облысының ауданында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Республика күні қарсаңында Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов атындағы ауданының Қайыңды ауылында ауыл тұрғындары үшін жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Бұл «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде Т. Рысқұлов ауданында салынған және пайдалануға берілген үшінші медициналық пункт, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Енді ауыл тұрғындары заманауи жабдықтармен жабдықталған ФАП-тың жаңа ғимаратында медициналық көмек ала алады. Бұдан басқа, қазіргі уақытта Қорағаты станциялары мен Ақбұлақ ауылында осындай медициналық нысандардың құрылысы жалғасуда. Жамбыл облысында барлығы 30 МСАК нысанын салу жоспарлануда, оның үштен бірінен астамы пайдалануға берілді.

Ұлттық жобаның бірінші бағыты шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын, оның ішінде, 260 медициналық пункт, 235 фельдшерлік-акушерлік пункт, 160 дәрігерлік амбулатория салу көзделген.

Денсаулық сақтау министрлігі жас мамандарды тартуды, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуді және медициналық көмектің сапасын жақсартуды қоса алғанда, ауылдық медициналық мекемелерді қолдау жөніндегі бағдарламаларды белсенді дамытуда.