25.11.2024 _ 11:50

Павлодар өңірі астық жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Соңғы он жыл ішінде Павлодар аймағы экономикасы құрылымының біртіндеп өзгеруі байқалуда. Облыс өнеркәсіптік шикізаттан, әртараптандыру процестері арқылы қуатты өңдеу саласы және әлеуеті мол ауыл шаруашылық аймаққа айналуда. Үлкен павлодарлық бизнес агроөнеркәсіптік кешенде қанат жаюда. Қазір өңір аграрлық салаға тартылған инвестициялар көлемі бойынша елімізде көш бастап тұр. Қаңтар айынан бастап агробизнеске 190 млрд теңгеден астам инвестиция салынды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен екі есе жоғары. Бұл жайлы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ОКҚ алаңында айтты.

Оның хабарлауынша, 32 инвестициялық жоба іске қосылды, онда 500-ден астам жұмыс орны құрылды, агроөнеркәсіптік кешен өнімінің өсуі +21% немесе 372 млрд теңгеден асты. Өңірдің жалпы егіс алқабы 1,6 млн гектарды құрады. Егіннің 100%-ы жиналды. 

«Өткен маусым қиын, бірақ нәтижелі болды. Рекордтық 1 млн тоннадан астам астық жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп. Кешенді мемлекеттік қолдаудың арқасында суармалы жерлердің алқабы 179 мың гектарға жетті. Агроөнеркәсіптік кешенін қарқынды дамыту және әртараптандыру әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына да жақсы әсер етуде. Соңғы мәліметтерге сәйкес, өңірдегі бағалар азық-түлік тауарларының 16 позициясы бойынша орташа республикалық мәндерден төмен, ал 8 позиция бойынша ең төмен бағамен ТОП-5 өңірге кіреді», – деді өңір басшысы.  

Павлодар өңірінде әлеуметтік салаға облыстық бюджеттің барлық қаражатының 52%-ы жұмсалады, бұл аталмыш саланың жоғары әлеуметтік маңыздылығын көрсетеді. Жұмыссыздықтың салыстырмалы төмен деңгейін, яғни 4,7%-дан аспайды. Бұған 26 мың жаңа жұмыс орнын құру әсер етуде. Өңір бойынша орташа айлық жалақының мөлшері 360 мың теңгеден асты, 9 айдағы өсімі 14% артық.  

«Кәсіпкерлікті және өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамыту үшін әлеуметтік осал топтағы тұрғындар 653 млн теңге сомасына 442 грантқа ие болды. Өңірде балаларға қосымша білім беруге және олардың бос уақытын ұйымдастыруға көп көңіл бөлудеміз. Жақында балаларға арналған 2 жаңа орталықты аштық. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Екібастұз қаласында «Самғау» балалар шығармашылығы орталығы келесі айда есігін ашады», – деді спикер. 

Павлодарда 1200 және 600 орындық екі «Жайлы» мектептің құрылысы жүргізілуде, оларды келесі жылдың наурыз айында ашу жоспарда бар. Биыл 73 әлеуметтік нысанды жөнделді 35 жаңа әлеуметтік нысан салынуда. Медициналық қызметтердің сапасын арттыру үшін 511 бірлік жабдық және 40 бірлік санитарлық көлік сатып алынды, бұл олардың жарақтандырылуын 68%-дан 84%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Келесі жылы бұл көрсеткіш 100%-ға жеткізіледі. 

Инвестициялар өз нәтижелерін беруде. Халықаралық, республикалық олимпиадалар мен конкурстарда павлодарлық оқушылар 84 медаль еншіледі. Павлодар облысының оқушылар командасы «2024 жылдың үздік олимпиадалық командасы» атағын жеңіп алды. Облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда 2 мыңнан астам медальға қол жеткізді. 

«Биылғы жылы біз атақты жерлестеріміздің, яғни Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы, Жүсіпбек Аймауытовтың 135, Шәкен Айманов пен Әлкей Марғұланның 110 жылдықтары жоғары деңгейде өткенін ерекше атап өткім келеді», – деді А. Байханов.

Сонымен қатар өңірде ауқымды шаралардың бірі – «Ертіс-Баян» І Республикалық театр фестивалі ұйымдастырылды, оған еліміздің 10 үздік театр ұжымы қатысты.