18.02.2025 _ 14:50

ҚР Су ресурстары және ирригация министрілігі Солтүстік Арал теңізін сақтау жоспарларын жариялады

ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілі Мөлдір Әбдуалиева Солтүстік Арал теңізін сақтау және толтыру мақсатында су инфрақұрылымының құрылысы мен дамуы қалай жүріп жатқаны жайында хабарлады. Ведомство берген мәліметке сәйкес, жыл соңына дейін Көкарал бөгетін қайта жаңартуды аяқтау жоспарланып отыр.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрілігі Солтүстік Арал теңізін сақтау жоспарларын жариялады

Министрлік өкілі хабарлағандай, «Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» жобасы аяқталу сатысында тұр. 

«Жыл соңына дейін министрлік Солтүстік Аралды Үлкен Арал теңізінен бөлетін Көкарал бөгетін қайта құруды аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл бізге солтүстік Аралды сақтауға, ондағы судың тұздылығын төмендетуге, аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға көмектеседі», - деді Мөлдір Әбдуәлиева.      

Сондай-ақ Су ресурстары министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірге 39 жобаны қамтитын Солтүстік Арал теңізін сақтау жобасының екінші кезеңін әзірледі. Ведомствоның ресми өкілінің айтуынша, бұл 2000 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы мен балық аулау кәсібін дамытуға, қосымша жұмыс орындарын ашуға, өңірдегі экономикалық және әлеуметтік жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.