24.09.2021 _ 11:40

СҚО АӨК 2025 жылға дейін 103 инвестициялық жоба жоспарланған

Солтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобалар пулы құрылды. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингі барысында олардың жүзеге асырылу перспективалары мен тиімділігі туралы айтылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов жоспарларға егжей-тегжейлі тоқталды. Атап айтқанда, осы мақсаттарға 185 млрд теңге жұмсалады.


«АӨК саласындағы инвестициялық жобалардың Жол картасын іске асыру аясында 2021-2025 жылдарға жалпы сомасы 185 млрд теңгеге 103 инвестициялық жоба жоспарланған. Сүтті мал шаруашылығын дамыту үшін алдағы 5 жылда 30 мың басқа арналған 50 сүт-тауар фермасының құрылысы жүргізілмек. Ет бағытында 12 бордақылау алаңын, 13 асыл тұқымды репродуктор, 7 қой фермасын салу, жылына 10 мың тонна шошқа етін өндіретін кешенді 50 мыңнан 100 мың басқа дейін кеңейту көзделген. Етті құс шаруашылығын дамыту үшін қуаттылығы жылына 6 мың тонна құс етін құрайтын 2 бройлерлік құс фабрикасының құрылысын іске асыру жоспарланған», - деді спикер.