ЕЭК Алқасының энергетика және инфрақұрылым жөніндегі мүшесі (министр) Эмиль Кайкиевтің айтуынша, көгілдір отынның құны туралы айту әлі ерте.
«2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа сәйкес бізге ортақ газ нарығы туралы сөз қозғаған орынды. Газдың бағасы қандай болатынын айту әлі мүмкін емес. Бізде қазір ортақ газ нарығын қалыптастыру жөніндегі бағдарлама бар, оған сәйкес екіжақты халықаралық шарттарды іске асыруға кететін шарттарды қоспағанда, нарықтық бағалар бойынша газ жеткізу жөніндегі шарттар жасалуға тиіс. Яғни, мысалы, екі мемлекет газ жеткізу туралы келісім жасады – бұл халықаралық келісім. Оған сәйкес, шартты іске асыру үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында шарттар жасалатын болады. Әзірге газ тасымалдау тарифтерін анықтау тетіктері жоқ. Қазіргі уақытта ортақ газ нарығы туралы халықаралық шарт дайындалуда, оның шеңберінде газға транзиттік тарифті қалыптастыру жөніндегі қағидаттар белгіленетін болады. Бұл шартқа қол қою 2022 жылға жоспарланып отыр. Ол 2025 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей күшіне енуі тиіс. Сонда газ транзитіне баға қалыптастыру қағидаттары туралы сөз қозғауға болады»,- деп түсіндірді спикер журналистің сұрағына берген жауабында.
ЕАЭО-ның К-5 стандартына көшуі экспорттаушылар мен импорттаушыларға тиімді бола ма?
Жеткізушілер қатарында Ресей мен Қазақстан. Мұнай және мұнай өнімдерін импорттайды – Қырғызстан, Беларусь, Армения.
«Бұл талаптар біздің Одақ шеңберіндегі техникалық регламентке сәйкес келеді. Қазіргі уақытта Ресейде, Арменияда, Беларусьте бензинге және дизель отынына айналыста тек К-5 экологиялық класты, Қазақстанда К-4, К-5 рұқсат етіледі. Қырғызстанда биылғы жылдың 12 тамызына дейін кез келген экологиялық кластағы отынды сатуға рұқсат етіледі, бұл Қырғызстанның біздің одаққа кіру жағдайларына байланысты. Олардың К-5 класына ауысуға уақыты бар. Мұнай экспорттаушы елдер үшін тиімділікке қатысты К-5-ке көшу, бұл әрине тиімді. Жанармай бағасының көтерілуін күтуге болады»,- деді Эмиль Кайкиев.
Ол сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерінің бағасы нарықтық тетіктерге сәйкес қалыптасатынын, сондай-ақ тікелей және биржалық шарттар жасалатынын атап өтті. Мұнай өнімдерінің биржалық саудасына көп көңіл бөлінеді, өйткені бұл экономикалық негізделген баға деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, бұл нарыққа қатысушыларға дәйекті және болжамды жағдайлар береді: өзара тиімді ынтымақтастық және адал бәсекелестік жағдайында жұмыс істеу.