Журналистің облыс әкімдігі 184 млн теңге жұмсауды жоспарлап отырған облыс орталығында Әуе шарлары фестивалін өткізудің орындылығы туралы сұрағына жауап бере отырып, өңір басшысы мұндай іс-шаралар қажет екенін және жүйелі негізде өткізілетінін айтты.
«Қонаев қаласының мәртебесі мен мамандануын ескеру қажет. Қала, ең алдымен, туризмді дамытуға бағытталған. Танымал болу үшін біз осындай іс-шараларды өткізуіміз керек», - деді спикер.
Биыл шілде айында өтетін Konaev International Ballon Festival-дің басты оқиғасы әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген 25-тен астам ең әдемі шарлар аспанға көтерілген айрықша көрініс болмақ.
Әкімнің айтуынша, фестиваль туралы хабарландырудан кейін логотиптерін осы шарларға орналастырылса, жарнама беруге, іс-шараның демеушісі болуға ниетті компаниялар көбейді.
«Менің ойымша, өңірді мүмкіндіктері мен әлеуеті бар туристік орталық ретінде дамыту маңызды», - деп түйіндеді облыс басшысы.