18.09.2023 _ 14:20

Киіктерді аулау ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізу қажет - АШМ

Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыс әкімдіктерінің ақпаратына негізделген деректері бойынша биыл киіктер 800 мың гектар жайылым мен 121 мың гектардан астам егістікке залал келтірген.
автор фото: Yakov Fedorov

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен сараптамалық талқылауда ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Самат Төлегенов  осындай сандарды келтірді. 


Киіктерді аулау мәселесіне қатысты спикер бұл ретте ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтау: мал қорымдарымен қамтамасыз ету немесе шығарылған жануарлардың қалдықтарын кәдеге жарату қажет екенін атап өтті.


Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі жануарларға бақылау жүргізілген барлық жылдары киіктерге қатысты 2 мыңнан астам зерттеу өткізілгенін атап өтті. Биылғы зерттеуге 3 киік ұшасы алынды, эпизоотия анықталған жоқ.