17.10.2023 _ 14:40

Қатаң шаралар неге қолданбаймыз - Серік Ақылбай темекі шегетін бөлмелерге, кальяндар мен вейптерге тыйым салу туралы

«Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Серік Ақылбай ОКҚ алаңында қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуға арналған дөңгелек үстелдің модераторы болды.

Ол шет мемлекеттерде енгізілген пәрменді шараларды мысалға келтіре отырып, Қазақстандағы заңды айналып өту жолдарына тоқталды. 

Көптеген елдерде темекі шегетін бөлмелер жоқ, яғни толық тыйым енгізілген. Өйткені, бұл заңның олқылықтарын пайдалануға жол ашады, яғни тамақтана отырып, тек темекіні ғана емес, кальянды да тұтынуға мүмкіндік береді. Бұл жерде бір жағынан заңды мүлдем елемеу, екінші жағынан, ІІМ тексере алмайды, өйткені тексеруге мораторий бар. Бұл – тағы бір олқылық.

«Бізді тексереді, құқықтарымызды бұзады, жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді»деп прокуратураға шағымдана бастайды. Үшіншіден, бизнеспен айналысатын кәсіпкер емес, мекеменің иесі жауап береді. Бұл-  заңнамалық айла-амал. Заңға енгізуді қажет ететін түзету: темекіге қарсы заңның бұзылуына жол бергені үшін жауап беретін субъектіні нақтылау қажет. Бұл тұрғыда үлкен жұмыс күтіп тұр. Жалпы, әрине, барлық темекі өнімдеріне, темекі шегетін бөлмелерге тыйым салу керек. Мысалы, Ресейде темекі шегетін бөлмелер жоқ және мұндай заң бұзушылықтар да жоқ. Жалпы, басқа мемлекеттермен салыстырғанда, біздің елде темекіге қарсы заңды бұзушыларға қарастырылған жаза ауыр емес. 20 миллион тұрғыны бар біздің республикамыз темекі өнімдерін, әсіресе вейптердің контрабандасы бойынша әлемде бесінші орында екендігі туралы мәлімет бар. Тіпті, мектепте балалар темекі шегеді. Ауру балалар қаншама. Неліктен біз қатаң шаралар қолданбаймыз?», – деп сұрақ қойды белсенді.

Оның айтуынша, бұл мәселеге азаматтық қоғамның араласқаны маңызды. Әсіресе, балалар арасындағы вейп тұтынуға қатысты дабыл қағу қажет, дейді ол.