Оның айтуынша, «Алматы мектептері» стандарты енгізілді, оның аясында мемлекеттік мектеп оқушыларын тасымалдау ұйымдастырылды. 2024 жылы мектеп автобустарының саны 200-ге дейін өсті, бұл 15,3 мың оқушыны қамтуға мүмкіндік берді. 2025 жылы автобустардың саны тағы 100 бірлікке артады.
2024 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 25%-ға 48,8 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше назар аударылды. Ағымдағы жылы Алматы қаласының мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті, оған сәйкес 4 АМСК орталығы мен 1 емхана салынды, сондай-ақ 32 нысанды салуға және жаңғыртуға ЖСҚ әзірленуде. Ағымдағы жылдың тамыз айында Қазақстанда алғаш рет балалар арасында мүгедектікті төмендету үшін ерте араласу орталығы құрылды. Сондай-ақ қалалық Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы ашылды.
«Медициналық қызметтердің сапасын арттыру – әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі. Осы жылдың маусым айында Қазақстанда алғаш рет «Фетальді хирургия» пилоттық жобасы енгізілді. Енді Алматыда балалар мүгедектігін болдырмау үшін жылына 150-ге дейін жатырішілік операция жасауға болады. 2024 жылы 3 753 пациент 45 нозология бойынша 9,2 млрд теңге сомаға орфандық препараттармен қамтамасыз етілді, қаржыландыру жыл басынан бері 10%-ға өсті», – деді әкім.
2 жыл ішінде жедел медициналық жәрдем флоты 37%-ға жаңартылды. Денсаулық сақтау саласындағы таңдалған курстың дұрыстығын а.ж. 11 айының қорытындылары айқын растайды, ол бойынша ана өлімі 48,2%-ға, нәресте өлімі 5,4%-ға, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 16%-ға төмендеді.