Мәселен, 2025 жылы Бейімбет Майлин ауданында жалпы құны 35,6 млрд теңгені құрайтын күн (22,6 МВт) және газ поршеньді (40 МВт) электр станцияларын салу жоспарлануда. Арқалық қаласы мен Қостанай ауданында қуаты 50 МВ болатын екі жел электр станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр.
«Ағымдағы жылдың қазан айында Рудный қаласында жалпы қуаты 1 ГВт болатын 165 жел электр станциясын салу туралы меморандумға қол қойылды. Аталған жобаларды іске асырудың арқасында өз электр энергиясын өндіру 10 есеге (0,12 ГВт - тан 1,27 ГВт-қа дейін) өседі және облыстың толық көлемде қажеттілігін жабады», – деп атап өтті спикер.