Форум алаңында Балаларды оңалту қызметін дамыту, инновациялық технологияларды енгізу, орфандық ауруларды жүргізу тактикасы мәселелері талқыланады.

"Балалардың денсаулығын нығайту - мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Мүгедектік проблемасының және оңалту көмегінің өзектілігі, әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру оның ауқымдылығына байланысты. Соңғы онжылдықта ел бойынша мүгедектігі бар балалардың тіркелген саны өсті. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша елде 100 мыңнан астам мүгедек бала тіркелген",-деді өзінің алғы сөзінде Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник.

Қазіргі уақытта "Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау "Дені сау ұлт” ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға қарай балаларды оңалтумен қамтуды 60% - ға дейін ұлғайту көзделген.

2020 жылдан бастап Тұңғыш Президент қорының "Қамқорлық" бастамасы іске асырылуда. 2020 жылы 7 оңалту орталығы және 1 ерте араласу орталығы ашылды. 2021 жылы 8 оңалту орталығы және 2 ерте араласу орталығы ашылған. 2022-2023 жылдары 13 ерте араласу орталығын ашу жоспарланған.

Ол сондай-ақ БҰҰ-мен (ЮНИСЕФ) бірлесіп Қазақстан Республикасында "Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс істеудің, мүгедектіктің және денсаулықтың халықаралық жіктемесін енгізу" жобасы белсенді түрде іске асырылып жатқанын атап өтті, ол денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау саласындағы мамандардың әлеуетін арттыру жолымен пациентті диагностикалау, емдеу және оңалтудың табыстылығын айқындайды.

Қорытындылай келе, вице-министр форум қатысушыларына нәтижелі тәжірибе алмасуды және Қазақстандағы балаларды оңалту қызметінің перспективаларын айқындауды тіледі.