ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің атына 93 ЕАЭО сәйкестік сертификаты, 72 ЕАЭО сәйкестік декларациясы және 10 ҚР сәйкестік сертификаты бойынша анықталған бұзушылықтар бойынша хаттар жолданды.

2022 жылғы мониторинг қорытындысы бойынша сәйкестікті растау жөніндегі органдар Қазақстанның 14 сәйкестік сертификатын, ЕАЭО-ның 43 сәйкестік сертификатын кері қайтарып алды. Екі аккредиттеу аттестаты толығымен кері қайтарылды, алтауы аккредиттеу саласында уақытша жарамсыз деп танылды. ҚР СИМ КТРМ көлік құралдары конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктердегі 80 бұзушылық бойынша мәліметтер жолданды.

Аккредиттеу критерийлерін сақтау бойынша аккредиттеу субъектілерінің қызметіне мониторингті «сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚР Заңының 14-бабына сәйкес ҰАО жүргізеді.