«Астана Операның» жетекші солисі Еркін Рахматуллаев Джеймстің партиясын орындаудағы ерекшеліктер жайлы түсіндіріп өтті. 

«Балеттің сюжеті қызықты болғандықтан Джеймстің рөлі де еліктірерліктей. Біз Бурнонвильдің нұсқасын орындаймыз. Ол бұл нұсқада ұлттық колоритті, тұрмыстық мизансценаларды барынша қосқан, олардың көп болуы солистер үшін кейбір қиындықтар туғызады, сондай-ақ мұнда күрделі техникалық элементтер де бар. Романтизм атмосферасын, Джеймстің Сильфидаға деген сезімін жеткізу үшін өз-өзіңмен көп жұмыс істеу керек, кейбір әдістерді өзге орындаушылардан – әлемдік балет жұлдыздарынан алуға болады. Дегенмен әрбіреуіміздің дара екенімізді ұмытпауға тиіспіз, сол себепті бейнеге өз интерпретациямызды да қосуымыз қажет. Джеймс – қарапайым фермер, ол ханзада емес, сондықтан оның қимылында еркіндік, қарапайымдылық көп», – деді актер.

Спикерлер костюмдер мен жиынтықтарға қатысты өз пікірлерімен бөлісті. Костюмдерде XIX ғасырдағы үрдістер көрініс табады, сондай-ақ бір-біріне қарама-қайшы екі әлем – шынайы өмір мен қиял-ғажайып костюмдерде нақты байқалады. Қойылымда 100-ден астам костюм, онымен қоса бас киімдер бар.

Көпшілік сахнадан көне балетті тамашалайтыны белгілі, бірақ соған қарамастан декорация мен бутафорияны дайындау кезінде ескі технология мен жаңа технологиялар   қатар қолдандылды. Спектакль барлығына қызықты болады, себебі ол таңғажайып, демек театрдың жасаған реквизиттері де аздап сиқырлы, деді брифингке қатысушылар. 

«Астана Опера» дирижері Элмар Бөрібаевтың пікірінше, бүгінде театрдың барлық ұжымы өте қызықты жұмыстарды орындаудың қарқынды режимінде. Балет тарихшылар, мәдениеттанушылар, барлық көрермендер үшін барлық тұрғысынан қызықты болады.

«Сильфида» – бұл барлық кейінгі балеттердің анасы. Театрдың бүгінгі қойылымы операның бірінші нұсқасы емес, кейінгі нұсқасы. Кез-келген мәдениетсүйер қауым үшін бұл балетті тамашалау сұлулық сырларына жетелейді», – дейді дирижер.