Қазақстан құрамасының мүшесі Қайсар Алпысбай Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы атанды. 60 келіде ел намысын қорғаған Қайсар финалда Кувейт елінің спортшысы Абдулла Шаабахтан басым түсті.

Әйелдер арасында карате бәсекесінде 61 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әсел Қанай ирандық спортшы Атуса Голшаднезадты 1:0 есебімен жеңіп, Қазақстан қоржынына қола жүлде салды.

Джиу-джитсудан 57 келі салмақта әлем чемпионатының 3 мәрте қола жүлдегері Галина Дуванова финалдық бәсекеде Филиппин спортшысы Анние Рамирезке 0:2 есебімен ұтылып, 2-орын алды.

76 келі салмақта өнер көрсеткен балуан Жәмила Бақбергенова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Сонымен қатар Александр Куликов пен Екатерина таранцева да слаломды есуден қола жүлделерге ие болды.