Өңірдің таулы аумақтарындағы қар жамылғысының және ылғал қорының биіктігін, ауа температурасының артықшылығын, оның ішінде түнгі уақытта және жауын-шашынның болуы мүмкіндігін ескере отырып, сәуір айының ортасына қарай екінші су тасқыны толқыны және таулы өзендердің су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Тәуекелдер жойылмайды, бірақ қауіп жоқ. Бұл туралы ШҚО ТЖД алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаев ОКҚ брифингінде хабарлады. 

Бүгінде өңірдегі қар жамылғысының ауданы 58%-ды құрайды. Көптеген ауданда қар жауып, ондағы судың мөлшері нормадан 1,5-2 есе жоғары болып тұр.

«Тұрақты түрде аэровизуалдық тексерулер жүргізіледі. 132 гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істейді. Бөгеттерде судың деңгейі арнайы төмендеттік. Облыс бойынша жолдар ашық. Жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Күштер мен құралдар әзірлікке келтірілді. Жағдай бақылауда», – деді спикер.