Г. Шиповских Қостанай облысындағы ирригациялық жүйелерді тексеру жұмыстарын қадағалады. Алда тағы бірқатар кездесу ұйымдастырып, халықты алаңдататын сұрақтарға жауап беру жоспарда бар. Келтірілген залалды бағалайтын комиссия мүшелерінің қызметі де жіті бақылауда. Олар барлық азаматқа қажетті консультация беруге дайын. Сондай-ақ депутат ҚР ҚХА мүшесі екенін атап өтіп, Ассамблея тарапынан көрсетіліп жатқан көмек жайында сөз қозғады.
«Қазақстан халқы ассамбелясы зардап шеккен өңірлерге 240 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді. Сондай-ақ 334 млн теңге қаражат аударылды. Ассамблея атынан 10 мыңнан астам ерікті зардап шеккендерге жәрдем беріп жатыр», – деді спикер.