Эмиссияның қазіргі заманғы мониторингі жүйесі бойынша Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов түсіндіргендей, МАЖ – бұл эмиссиялардың негізгі стационарлық көздеріндегі қоршаған ортаға эмиссиялардың көрсеткіштерін бақылайтын, деректерді одан әрі уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне нақты уақыт режимінде беретін жүйе.
«Бастапқы кезеңде біз қоршаған ортаға эмиссиялардың негізгі көлемін құрайтын ең ірі кәсіпорындарды қамтыдық. МАЖ жүргізу қағидаларына сәйкес қондырғыға мынадай критерийлер айқындалды: бір стационарлық ұйымдасқан көзден атмосфераға жылына 500 және одан да көп тонна ластайтын заттардың жалпы шығарылуы; қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтін станциялардағы көздер үшін - 50 МВт және одан да көп, газбен жұмыс істейтіндер үшін - 500 МВт және одан да көп; сарқынды суларды шығару үшін, су объектісіне немесе жер бедеріне (буландырғыштар мен жинақтағыштар тоғандарын қоспағанда) төгу», – деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі іске асырылуда. Платформа экологиялық қордың барлық инфрақұрылымына қол жеткізуді және мемлекет, кәсіпорындар және жұртшылық арасындағы толық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Келесі компоненттер қамтылады: қоршаған ортаға эмиссия мониторингінің автоматтандырылған жүйесі; қоғамдық тыңдаулар; өндірістік экологиялық бақылау; қалдықтардың мемлекеттік кадастры; ластайтын заттардың шығарындылары мен тасымалының тіркелімі; мемлекеттік көміртегі кадастры», – деді Ерболат Қожықов.
Қоршаған ортаның әсеріне ұшыраған аумақтар, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және қайта өңдеу пунктері, тарихи ластану және экологиялық шиеленістер туралы ақпарат, сондай-ақ стихиялық полигондардың мониторингі интерактивті картада көрсетілген. Ормандарды кесу бойынша бизнес-процестерді цифрлық форматқа көшіру, сондай-ақ орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі саласындағы барлық есепті автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.