Оның айтуынша, «Ата жолы» картасы өз елдерінде сұранысқа ие кәсіптері бар немесе табысты бизнес-кейстерді іске асырған және оларды Қазақстанда кеңінен қолдануға ниет білдірген этникалық қазақтарға беріледі. Бүгінгі күні «Ата жолы» картасын 57 этникалық қазақ алды. Оның ішінде сұранысқа ие мамандықтары бар 31 адам және 26 адам кәсіпкер. «Ата жолы» картасын алған этникалық қазақ, көбінесе, Астана және Алматы қалаларында тұрады.
«Еңбек иммиграциясы бойынша ағымдағы жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға квота 21 мың бірлік мөлшерінде белгіленді, былтырғы жылмен салыстырғанда 0,9% -ға кем. 2024 - жылы коммерциялық секторда шетелдік жұмыс күшін тартуға 11 мыңға жуық рұқсат берілді. Шетелдік жұмыс күші, басым бөлігі Қытай және Өзбекстан елдерінің азаматы, ал экономикалық секторға келетін болсақ олар құрылыс және өнеркәсіп шаруасына тартылған. Сонымен қатар биыл 281 мың рұқсат, еңбекші мигранттарға жеке тұлғалардың үйінде жұмыс істеуі үшін берілді. Аталаған мигранттардын көпшілігі Алматы облысы және Алматы қаласы, Маңғыстау, Атырау, Түркістан облыстарында жұмыс атқаруда», – деді спикер.
Келесі бағыт этникалық көші-қонды реттеуге қатысты. Жыл басынан бері елге барлығы 12 325 қандас келді. Билтырғы жылы қандастарды едге қоныстандыру саясаты түбгейлі өзгерді. Соның нәтижесінде солтүстікке қоныс аударған қандастардың саны өсуде, ал оңтүстікке келетін қандастардың саны азаюда. Атап айтқанда былтыр келген қандастардың тек 6%-ы солтүстіке барса, биыл ол көрсеткіш 36%-а жетті. Бүгінгі таңда құжаттарды қабылдау «Құтты мекен» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Биыл берілген өтініштің 95 %-ы осы қосымша арқылы келіп түсті. Бұл өтініштерді қарау процесін жеңілдетуге мүмкіндік берді.
«Шетелде Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау бойынша. Жылдан жылға шетелде жұмыс іздеп жатқан қазақстандықтардың саны біртіндеп артуда. Еліміздің азаматтары көбінесе Ресей, Корея, Түркия және Араб Әмірліктеріне жұмыс істеуде. Биылғы жылы 135 мың қазақстандық шетелде жұмыс атқаруда. Осы кезекте, жоғары жалақы жұмыс орнына кіру үшін және сол елде бейімдеу мақсатында оларды кәсіби дайындау жұмысы өте маңызды. Осыған байланысты, сапарға дейінгі дайындық орталығын құру жұмыстары басталды», – деді министрлік өкілі.
Қазіргі таңда жұмыспен қамтудың жеке меншік агенттіктерімен тиісті жұмыстар қолға алынды, олар біріккен ассоциация құруда, және олар алдағы уақытта migration.enbek.kz порталына тіркеледі. Сонынмен бірге, тиісті біріңғай тарифтер белгіленіп, қадамдық алгоритм айқындалды.
Келесі бағыт – ол елдің еңбек тапшылығы бар өңірлеріне ішкі мобильділікті ынталандыру. 2023 - жылы еңбек тапшылығы бар өңірлерге 6 148 адам немесе 1 769 отбасы қоныс аударды. Қоныс аударған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін шілде айынан бастап 2,7 млрд теңге сомасына 663 экономикалық мобильділік сертификаты берілді. Қоныс аударушылар мен қандастарды ынталандырудың оңтайлы моделін құру мақсатында оларды бейімдеу мен интеграциялау бойынша жаңа алгоритм әзірленді.
«Бүгінгі таңда 3 712 қатысушы қамтылды. Оларды бейімдеу және интеграциялау бойынша 25 негізгі қызметтер түрінің тізбесі жасалды. Бейімдеу алгоритмінің ішінде алғашқы кеңес беру және көшіге көмек көрсету және алдын ала сол өңірге танысу үшін барып қайту тетігі қарастырылған. Сонымен бірге отбасылық цифрлық қарта негізінде бес жыл бойы бақылау жүзеге асырылады. Бұл қандастар мен қоныс аударушылардың әлеуметтік ортаға сапалы бейімделуі мен интеграциялануын, қоғамдық қатынастардың толыққанды қатысушылары болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары.
Босқындармен жұмыс бойынша. 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде пана іздеген 368 адам және 310 босқын тұрады. Босқындар мен пана іздеушілердің басым бөлігі Алматы қаласында тұрады. Осы орайда, ынтымақтастықты дамыту және кеңейту мақсатында Еңбек министрлігі мен БҰҰ Босқындар комиссиясы жөніндегі Жоғарғы комиссарының Басқармасы арасында өзара түсіністік туралы меморандум жасалды.