«Азаматтар көлік қызметтері саласында кестені бұзу, жұмыскерлердің шамадан тыс жүктелуі, дөрекілік, санитарлық нормаларға сәйкес келмеу жағдайларына наразылық білдірген, респонденттердің 64%-ы теміржол көлігі, 71%-ы автомобиль көлігі қызметтеріне қанағаттанбаған; туризм саласында 52,6%-ы пайдаланылмаған турлар үшін қаражатты қайтарудан бас тарту, шарттардың сәйкес келмеуі, жаңылыстыру, өз тамағын демалыс аймақтарына әкелуге тыйым салу; медициналық қызмет көрсету саласында – медицина қызметкерлерінің қабілетсіздігі мен дөрекілігі, саннормаларды сақтамау – респонденттердің 41%-ы; қаржылық (банктік) қызметтер саласында – қосымша өнімдер мен қызметтерді таңу, комиссиялар алу, ақшаны дұрыс аудармау, шарт талаптарын орындамау – 36%; интернет-провайдерлер қызметтерін көрсету саласында - 30%  абоненттік төлемді заңсыз алу, сапасыз интернет қызметтерін ұсыну, тұтынушыны хабардар етпей тарифтік жоспардың құнын ұлғайту және өзгерту», – деді спикер. 

Өңірлер бөлінісінде Қостанай, Қарағанды және Жетісу облыстарында респонденттердің басым бөлігі  (80%-дан астамы) т/ж көлік қызметтеріне шағымданады, Атырау және Жетісу облыстарында автомобиль көлігі қызметтеріне наразылық білдіргендер көп (тиісінше 84% және 82%). Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарының тұрғындары туристік қызметке деген наразылығын атап өтті. «Медициналық қызметтерге қанағаттанбаған» деген жауап нұсқасын Ақтөбе, Ақмола облыстары, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарының тұрғындары жиі таңдаған.  

«Тұтынушыларды алаңдататын мәселелер жыл сайын қайталанады. Осыған байланысты барлық мүдделі мемлекеттік орган аталған салаларда тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғау төңірегінде теріс үрдісті болдырмау жөнінде жедел және пәрменді шаралар қабылдауы және жұмыстағы кемшіліктерді жою жөнінде іс-шаралар әзірлеуі қажет. Бұдан бөлек, осы проблемалардың шешімін біз адам өмірінің барлық саласында тұтынушылардың құқықтарын кешенді қорғау үшін «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның базалық қағидаттарын насихаттау қажеттілігін көріп отырмыз», – деп түйіндеді ведомство өкілі.