«Тұтынушылардың талаптары және сауаты арта түсуде, сондықтан біз өтініштерді дұрыс қарау үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. 2024 жылдың қорытындысы бойынша тұтынушының әрбір екінші өтініші қанағаттандырылды. Тұтынушылардың 35% құқықтық көмек көрсетілді. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде бірлескен жұмыс жүргізу үшін құзыреті бойынша бейінді мемлекеттік органдарға өтініштердің 17,3%-ы жіберілді», – деп хабарлады Комитет төрағасы.
Сондай-ақ ведомствоның деректері бойынша экономика салалары бөлінісінде үлес салмағы бойынша ең көп өтініштер бөлшек саудада – 37,5%; электрондық саудада – 23,2%; тұрмыстық қызметтер саласында – 8,8%; ТКШ – 7,4%; байланыс қызметтерінде– 3,5% түскен.
«Осы сегменттегі тұтынушылар шағымдарының саны 2022 жылдан 2024 жылға дейін 5,5 есеге артқанын атап өткен жөн. Цифрлық сауданың дамуы жағдайында тұтынушылар шағымдарының өсуі жалғасады деп сенеміз. Сондықтан жаңа заң жобасында электрондық саудаға арналған жаңа бөлім болады», – деді спикер онлайн сауда саласы туралы айта отырып.
Сонымен қатар, Асқар Тынысбеков әлеуметтік сауалнамалар арқылы тұтынушылық көңіл-күй динамикасы тұрақты негізде бақыланатынын атап өтті. 2024 жылы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысты шағымдар бойынша нәтижелер көңілден шықпады:
- көлік қызметтері саласында: кестенің бұзылуы, жұмысшылардың шамадан тыс жүктелуі, дөрекілігі, санитарлық талаптардың сәйкес келмеуі, респонденттердің 64%-ы т/ж қызметтеріне, 71%-ы автомобиль көлігі қызметтеріне қанағаттанбаған;
- туризм саласында: респонденттердің 52,6% пайдаланылмаған турлар үшін қаражатты қайтарудан бас тартуға, шарттардың сәйкес келмеуіне, жаңылыстыруға, базалар мен демалыс аймақтарына өз тамағыңды әкелуге тыйым салуға байланысты қанағаттанбаған;
- медициналық қызмет көрсету саласында: медицина қызметкерлерінің біліксіздігі мен дөрекілігі, санитарлық талаптарды сақтамау –респонденттердің 41%-ы.
Комитет төрағасы анықталған кемшіліктерді қабылдау және жою үшін сауалнама нәтижелері тиісті салалық мемлекеттік органдарға жіберіліп, БАҚ-та жарияланатынын атап өтті. Сондай-ақ, ведомствоаралық кеңестер құрылды, онда тұтынушылардың құқықтарын бұзуға қатысты мәселелер қаралады.