Іріктеу конкурстық негізде өткізіліп, мына міндетті кезеңдерді қамтыды: медициналық куәландыру, дене даярлығы деңгейін тексеру, психологиялық тестілеу. Аталған тетіктер рәсімдеу ашықтығының бірізділігін және объективтілігін қамтамасыз етіп, азаматтардың әскери білім беру институтына деген сенімін арттырды.

Алдағы уақытта ҚМ іріктеуді жетілдіруді, цифрлық технологияларды енгізуді, оқу-тәрибиелік  үдерісін жақсартуды жалғастырады. Мерзімді әскери қызметтің беделін арттыру, азаматтардың мерзімді әскери қызметтен өтудегі ынтасын күшейту мақсатында ҚР ҚМ кешенді мотивациялық жобаны іске асырып келеді. Оның  мақсаты – ҚК қатарында қызмет өткергеннен кейін азаматтардың кәсіби және білім беру тұрғысынан өсіп өркендеуіне жағдай жасау, оларға берілетін артықшылықтар, жастардың азаматтық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және конкурстық іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Sarbaz 2.0 жобасы іске қосылды. Жүйеге 120 мыңдай әскери қызметші тіркелді. Жүйе әр сарбазға арналған рейтингті автоматты түрде қалыптастырады. Бұл жерде тәртіп, жауынгерлік және дене даярлығы, тест нәтижелері ескеріледі. Әр қатысушы үш жоғары оқу орнын және үш мамандыққа дейін таңдай алады. Ал гранттар алгоритм арқылы әділ бөлінеді. Бұл – ел тарихындағы әскери қызметшілерге арналған алғашқы цифрлық конкурс.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында байқауға 17 504 әскери қызметші қатысты. Екінші жартыжылдықта тағы 10 мыңға жуық қатысушы қосылды.