Байқау нәтижесінде ЕуроОдақ институттарын және Брюсселдегі медиа пулды зерттеу мақсатында апталық танысу тағылымдамасына қатысу үшін 4 жеңімпаз іріктеледі.

«Байқау 3 іріктеу кезеңінен тұрады. 1-кезеңі - өтінімдерді қабылдау. Ол 2019 жылдың 25 сәуіріне дейін жүзеге асады. Талапкер толтырылған өтінімді барлық қыстырылған файлдармен және оған сілтемелермен қоса жолдайды. 2-кезеңде білікті қазылар алқасы мен ұйымдастырушы комитет талапкерлерді анықтайды, тағылымдамаға қойылатын талаптарға сәйкес 2019 жылғы 10 мамырға дейін стипендияларды тағайындайды. 3-кезеңде 2019 жылдың маусым айының соңына дейін бекітілген бағдарлама шеңберінде жеңімпаздарды тағылымдарға жіберу жүзеге асады. Тағылымдама ұзактығы жолды ескере отырғанда бір апта», - деді «БК «Қазмедиа орталығы» ЖШС-ның БАҚ саласындағы біліктілікті арттыру орталығының басшысы Махаббат Есен.

Бағдарламалық бағыт бойынша жеңімпаздардың ЕО–ң Жоғары Өкілімен кездесуі, ЕО институттарымен ( Еуропарламент, ЕО Кенесі, Еурокомиссия, Еуропалық сыртқы байланыстар кызметі) және Брюсселдегі медиа пулдын жұмысымен танысуы жоспарланған. Бұдан әрі байқау жеңімпаздары Еуропалык Одақ-Орталық Азия Министірлік кездесуі өтетін Бішкек қаласына, Қырғызстан Республикасына аттанады. Байқау Еуропалық Одақ пен Қазакстан Республикасы арасындағы қарым-қатынастарды кеңейтуге және нығайтуға, Қазақстан медиа қоғамдастығындағы Еуропалық Одақ туралы хабардарлықты арттыруға және ашық диалогты қалыптастыруға бағытталған.

Байқаудың мақсаты:

  • Сапар бағыты алдында үміткерлермен дайындық және логистикалық жұмыстарды ұйымдастыру (үміткерлерді іріктеу,стипендия тағайындау);
  • Күтілген тағылымдама шеңберінде барлық іс-шаралар мен оқиғалар арқылы кәсіби білімдерді интеграциялау;
  • Тағылымдаманың қатысушыларының өзінің кәсіби әлеуетін дамыту мен іске асыруына мүмкіндік беру;
  • Талантты және белсенді медиа-қауымдастықты біріктіру;
  • Сапардың нәтижесін материал түрінде рефлексия/feedback (арнайы материал,фильм және т.б.)

Айта кетсек, бұл байқауды Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасындағы ЕуроОдақ Өкілдігі мен БАҚ саласындағы біліктілікті арттыру Орталығы «БК «Қазмедиа орталығы» ЖШС- мен бірлесіп ұйымдастырып отыр.