Top.Mail.Ru

«Өзіңнен баста» жобасында қазақ тіліне дубляждалған «Ойыншықтар хикаясы-4» 30-шы мерейтойлық фильмі 20 маусымда республикалық прокатқа шығады, деп хабарлайды ortcom.kz.

«Өзіңнен баста» әлеуметтік жобасын іске асыру кезінде қазақ тіліне 30 голливудтық кинокартина, атап айтқанда, «Walt Disney Pictures», «Pixar» студияларының 14 анимациялық фильмі және «Sony Pictures», «Disney», Lucasfilm Ltd және Marvel Studios Inc. студияларының көруге арналған 16 отбасылық фильмі дубляждалды», - деді «Болашақ» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Чайжунусова.

8 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан бұд жобаның коммерциялық мақсаттарды көздемейтінін де атап өтті.

«Өзіңнен баста» жобасына демеушілік көрсетіп жатқан бизнес өкілдеріне, компанияларға шексіз алғысымды білдіргім келеді. 8 жыл ішінде 3.5 млн доллардан астам қаржы жиналды. Осылайша бизнестің көмегімен бүгін шетелдік киноның қазақ тіліндегі қоры қалыптасып, балаларымыз сүйікті Disney кейіпкерлерін тамашалай алады»,- деді Динара Чайжунусова.

Сонымен қатар, Жоба ҚР Тұңғыш Президентінің Алғыс хатымен марапатталды және «Қазақстанның киноөнер өнеріне қосқан үлесі үшін» ҚР Кинематографистер одағының сыйлығына ие болды.

Айта кетсек, «Болашақ» корпоративтік қоры ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Кинематография туралы» заң жобасын талқылау бойынша жұмыс тобына қатысты. Жұмыс тобының қарауына кинотеатрларда фильмдерді жалға беру уақыты мен тілін мемлекеттік реттеу туралы 8 түзету енгізілген болатын.

«Өткен жылы біз «Кино туралы» заң жобасына қазақ тіліндегі контенттің тең қолжетімділігі жайлы ұсынымдарды шығарғанбыз. Ұсыныстарымыз қабылданған заңға енбесе де, жұмысымызды сол бағытта әрі қарай жалғастырамыз», - деп айтып өтті «Болашақ» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!