Top.Mail.Ru

Жастар саясатының тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс істейтін «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жастар арасындағы мәселелерді мониторингтен өткізуге бағытталған әлеуметтік зерттеулер жүргізіп келеді.

«Орталық құрылғалы бері өткен бес жылдың ішінде жастар ортасындағы жағдайды – жастар арасындағы діни жағдайды, құндылықтық бағыттар мен нұқсауларды, еріктілік қызметін, көші-қон көңіл-күйлерін, жастардың кәсіби бағыттарын, әлеуметтік хал-жайды және қазақстандық жастардың, соның ішінде әлеуметтік тұрғыдан әлсіз, ауылдық жастардың, моноқалалар жастарының әлеуметтік тәжірибелерін диагностикалауға және мониторингтен өткізуге бағытталған 20 астам кешенді әлеуметтік зерттеулер жүргізілді, - деп мәлімдеді «Жастар» ғылыми зерттеу орталығы» ЖШС директоры Талғат Қалиев.

«Жастар» ҒЗО негізгі міндеттері жастық топтарға сәйкес мемлекетттік саясатты іске асырудың негізгі бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізу, мемлекеттік жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша әлеуметтік өлшеулер жүргізу, жастар арасында мемлекеттік басымдықтарды өзектендіру, сонымен қатар, жастар саясатының дамуының басым бағыттарын модельдеу, мүдделі мемлекеттік құрылымдардың сектораралық өзара әрекеттесуін әдіснамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік жастар саясатына қатысушылардың біліктілік деңгейін арттыру болып табылады.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жастар» ҒЗО құру туралы №115 Қаулысы 2013 жылғы 11 ақпанда қабылданған болатын.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!