Перейти к содержанию

1 сәуірден бастап халықты қызылшаға қарсы қосымша вакцинациялау басталады

1 сәуірден бастап халықты қызылшаға қарсы қосымша вакцинациялау басталады
ortcom.kz

Вакцинация халық үшін екпені алу үшін бекітілген аумақтық емханаларда тегін жасалады. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.

«2019 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасында халықты қосымша иммундау басталады. 9 айға толған балалар, егу мәртебесі белгісіз 30 жасқа дейінгі адамдар, бұрын егілмеген және қызылшамен ауырмаған, 5 және одан да көп жыл бұрын инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы бір екпемен егілген адамдар, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялауға жататын медицина қызметкерлері вакцинацияланатын болады, себебі халықтың осы тобында қызылша ауруымен әлеуетті ауыратын науқастармен жиі байланыста болғандықтан жұқтыру тәуекелі жоғары», - деді Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер.

Вакцинация үшін қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚҚП) қарсы аралас вакцина пайдаланылатын болады.

«Вакцинаны «Серум институт оф Индия» (Үндістан) компаниясы өндірген, вакцинаның сапасына ДДҰ-ы кепілдік беріп отыр. Осы вакцина әлемнің 70-тен астам елінде, оның ішінде соңғы 10 жыл бойы Қазақстанда да сәтті пайдаланылуда. Ағымдағы жылға Бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС-ы республикалық бюджет қаражаты есебінен 788,4 млн. теңге сомаға 651,5 мың дозаны (1 дозаның ағасы шамамен 1209 мың теңгені құрайды) сатып алды», - деп мәлімдеді Жандарбек Бекшин.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің деректері бойынша эпидемиологиялық жағдайды ведомство тұрақты бақылауға алып отыр және барлық қажетті шаралар толық көлемде қабылдануда.

Айта кетсек, Еуропа өңіріндегі қызылша бойынша жағдайды ескере отырып, 2018 жылғы маусымда Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысымен эпидемияға қарсы іс-шаралар күшейтілген болатын.

Источник

Поделиться