Елордамен бірге, бірінші кезеңде Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтпаев, Сарань, Шахтинск қалаларының 171 елді мекені газбен жабдықталады, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Газдандыру нәтижиесінде 142 мың тұрғын газға қол жеткізеді», - деді Қазақстан Республикасы энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Сонымен қатар, Сары-Арқа газ құбыры графикке сәйкес салынып жатқандығын да атап өтті.

«Қазіргі уақытта Жезқазған қаласына жақын жерде дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге шамамен 420 км құбыр дәнекерленді. Бұл газ құбыры ұзындығының 40%-ын құрайды», - деп мәлімдеді Энергетика министрі.

Айтуынша, әнекерлеу жұмыстарының орташа қарқыны күніне 7-8 км. Дәнекерлеу жапсарларын тегістеу, оқшаулау, траншеялардағы құбырларды төсеу және көму жұмыстары қатар жүргізілуде. 2200 астам адам мен 700 жуық арнайы техника жұмылдырылған.

«Жалпы 2019 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің газдандыру деңгейін 50 %-дан асыру күтілуде»,- деді Қ. Бозымбаев.