Top.Mail.Ru

28 мыңнан астам мұқтаж азамат жеке кәсібін ашу үшін 505 мың теңгеге дейін қайтарымсыз грант алады, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Жыл сайын жастар, көп балалы аналар мен мүгедектігі бар азаматтар үшін пайыздық мөлшерлемесі төмен 5 мың жеңілдетілген микрокредит бөлінетін болады, кәсіпкерлік негіздеріне 60 мыңнан астам адам оқытылады», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.

2021 жылға дейін сұранысқа ие 100 мамандық бойынша 200 мың маман даярлау жоспарда бар екенін айтып өтті.

«Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес микрокредит беру, гранттар бөлу, микрокредит құралдарын кеңейту, қысқа мерзімді және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, бағытталған "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізіледі. Бұл мақсатқа қосымша 50 млрд. теңге қарастырылған», - деді өз сөзінде.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!