Қабылданған жаңа салық кодексі аясында кәсіпкерлер 2023 жылға дейін корпоративтік және жеке табыс салықтарынан босатылды. Ол үшін электронды сауда жүйесіндегі кәсіпкерлер белгіленген талаптарды орындауы қажет.
«Біріншіден, мәмілелер электронды түрде жасалуы керек. Сондай-ақ, төлемдердің 90 пайызы қолма-қол ақшасыз төлем түрінде төленуі қажет. Ал үшіншіден, жеке курьерлік қызметтің болуы немесе курьерлік қызметтермен келісімшарттың болуы керек. Кәсіпкерлер осы талаптарды орындаған жағдайда салықтық жеңілдіктерге ие болады», - деді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Сауда қызметін реттеу департаментінің сарапшысы Мұхтар Аяпбергенов.
Аталған заң нормасы 2023 жылдың 1-қаңтарына дейін қолданыста болады. Спикердің айтуынша, қолданыстағы тәжірибенің нәтижиесінде салықтық жеңілдікті одан әрі жалғастыру мәселелері де қарастырылуды.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда Мемлекеттік кірістер комитетінде аталған жеңілдіктерді пайдаланатын 480-ге жуық электронды сауда субъектілері тіркелген.