2025 жылға қарай өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес барлық ауыл тұрғындарының 80%-ы қажетті игіліктер мен қызметтермен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов мәлімдеді.

«Республиканың 6,5 мың ауылдық елді мекенінде 7,7 млн астам адам немесе елдің барлық халқының 42% - ті тұрады. Соңғы 7 жылдың ішінде қалалардағы тұрғындар саны шамамен 1,5 млн адамға артып, 10,7 млн адамға жетті, ал ауыл халқының үлесі 3,5% - ға қысқарды», - деді вице-министр.

Айтуыша, ел халқының жалпы саны 2025 жылға қарай 20 млн адамға жетеді деп күтілуде. Бұл ретте ауыл халқының саны іс жүзінде 7,6 млн деңгейінде қалады, бірақ үлес 42% - дан 38% - ға дейін төмендейді.

«Ауыл ел бесігі» жобаларын 2025 жылға дейін іске асыру даму әлеуеті жоғары және бүгінгі күні 5,5 млн. адам тұратын 1,8 мыңнан астам ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуға мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ ауыл мен қала арасындағы, даму деңгейі әртүрлі ауылдық елді мекендер арасындағы көші-қон процестеріне оң әсер етеді», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, 7 жыл ішінде «басқарылатын урбанизация» үдерістерімен қамту және халқы 600 мың адамға ұлғайып, 2025 жылы 6,1 млн. адамға жететін тірек ауылдарда өмір сүрудің неғұрлым қолайлы ортасын құру болжанып отыр.