Қазақстан Республикасына импортталатын, сондай-ақ Ресей Федерациясына транзитпен өтетін Қырғыз Республикасының тауарлары шекарадан еркін өтеді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.
Бүгінгі күні Қырғызстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының аумағындағы бақылушы ретінде Қырғыз бизнес-қоғамдастығымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
«Ағымдағы жылдың 27 наурызынан 4 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасына 265 автокөлікте қырғыз тауарлары импортталды және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен 455 автомомашина өткізілді. Тауарға ілеспе құжаттары тауарлардың нақты санымен және тауарлардың болуына сәйкес келмейтін тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелуіне жол берілмейді», - деп мәлімдеді ҚР Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Қуат Рахимов.
Ал мұндай көлік құралдары тауарға ілеспе құжаттарын сәйкестікке келтіру үшін кері қайтарылады.
«Жоғарыда көрсетілген кезеңде 18 жете тексеру жүргізілді, олардың сәйкессіздікті көрсетті және 1 көлік құралында тасымалданатын тауарлардың құжаттары жоқ болды», - деп атап өтті Қуат Рахимов.
Сонымен қатар, 102 көлік құралы ерікті түрде тауарға ілеспе құжаттарын ұсынбастан кері қайтарылып, Қырғыз Республикасының аумағына кеткен.
Сөз соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде автокөлік құраларының жиналып қалуының байқалмайтынын да атап өтті.