Перейти к содержанию

Абайсызда жасалған қылмыстар үшін жазалау деңгейі төмендетілді

Абайсызда жасалған қылмыстар үшін жазалау деңгейі төмендетілді
ortcom.kz

Электрондық түрде қылмыстық істерді қарау жүйесінің енгізілуімен дәлелдемелерді бұрмалаушылықтар және заңбұзушылықтар мейлінше азайтылған.

«Бүгінгі күнде цифрлық форматта шамамен 36 мың немесе 7% іс тергеп-тексерілді, олардың 8,5 мыңы сотқа жіберілді. Ізгілендірудің келесі сатысымен қылмысты алғаш рет, абайсыздықта жасаған және қоғам үшін қауіп төндірмейтін адамдарға қылмыстық заңның жазалау жағы айтарлықтай төмендетілді», - деді Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов.

Сонымен қатар, Конституцияның 39 бабы бойынша залал шегі екі есе ұлғайтылып, 32 бабы бойынша бас бостандығынан айыру мерзімдері төмендетілген.

«Онша ауыр емес және ауырлығы орташа 247 қылмыс бойынша балама жаза ретінде бірінші рет қоғамдық жұмыстар, ал 12 ауыр қылмыстар бойынша – бас бостандығынан айыру енгізілді. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге 216 адам ауыстырылды», - деп атап өтті Марат Мұратұлы.

Осындай шаралардың арқасында қамаудағылардың саны 27 жылда 68,5 мыңға қысқарып, 8 түрмені жабу есебінен бюджетті үнемдеу 12 млрд. теңгені құрады.

Спикердің айтуынша, бір жылда Қазақстан Түрме халқының халықаралық индексіндегі рейтингісін 83 орыннан 95 орынға дейін 12 позицияға жақсартты, Израиль, Сингапур, Аустралия, сондай-ақ Еуропалық Одақтың бірқатар елдерін басып озды.

Источник

Поделиться