2019 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша жалпы экономикалық өсу 4 пайызды құрайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов мәлімдеді.

«Министрліктің биылғы алға қойған ең маңызды үш бағытты бар. Олар - елдегі кәсіпкерлікті дамыту, бағалар мен тарифтер және өңірлерді дамыту»,- деді Руслан Даленов.

Бүгін Ұлттық экономика министрілігі 2018 жылы атқараған жұмыстары туралы халыққа есеп берді.

Есеп беру кездесуінде салықтық және бюджеттік саясатқа, инвестицияға қатысты мәселелер де талқыланды.

«2018 жылы экономикалық өсу 4,1 пайызды құрады. Өткен жылдың деңгейін қайталады. Осы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша жалпы өсу 4 пайызды құрады», - деді Ұлттық экономика министрі.