Перейти к содержанию

Астана әкімі алма бағын құру жобасына қолдау білдірді

Астана әкімі алма бағын құру жобасына қолдау білдірді
ortcom.kz

Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов атыраулық фермер Тамила Розметова ұсынған алма бағын құру жобасын жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы Жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысында белгілі болды.**

Бақыт Сұлтанов Жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысында қала ішінде 12 саябақ пен 100-ге тарта алаң бар екендігін ерекше атап өтті.

«Бұның барлығы астаналықтар мен қала қонақтарына жасалған керемет жағдай. Өздеріңіз жақсы білесіз, Жапонияға барғысы келген туристер саны сакура гүлдеген кезде арта түседі. Менің туған жерім Алматы. Өрік, шие, алма қатар гүлдеген кезде айналамыз да ерекше күйге еніп, көңіл-күйіміз көтеріледі. Дәл осындай бақты Астанада жасау қалалықтар мен қала қонақтарына үлкен сый болар еді деп ойлаймын. Сол себепті біз қуана-қуана келістік. Бұл іске жауапты бөлімдерге тапсырма берілді. Біздің Тамара Розметова Елбасына тамаша ұсыныспен шықты. Ұзаққа созбай, біз жедел түрде жобаны жүзеге асырудың 2-3 нұсқасын әзірледік. Расында керемет бастама. Біз өз тарапымыздан бұл жобаға барлық жағдайды жасап, оның нақты жүзеге асуына, тиянақты нәтижесіне жетуіне көңіл бөлеміз», деді.

Жуырда өткен Жастар жылының ашылу салтанатында Елбасы алдында Т.Розметова Астанада алма бағын отырғызуды ұсынған болатын. Бұл ретте заманауи тамшылатып суару жүйесі қолданылмақ. Алманың малавита, фридом, надзеве және беларустық деп аталатын төрт арнайы сорты өсірілмек.

«Бір гектар жерден 20-25 тонна өнім ала аламыз. Бұл жобаны Атыраудың ауа-райы жағдайында жүзеге асырып көрдік. Ал Атырау мне Астана қалаларының ауа-райы өте ұқсас. Қазіргі кездің өзінде бізде 150 гектар жерге алма отырғызылды. Одан 400 тонна алма алып отырмыз. Бұл бақты 2006 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы өзі ашқан болатын, біздің алма ағаштарының қалай жайқалып өсіп жатқанын өз көзімен көрді. Осы бақта қолданылған технологияны Астанада да қолданғымыз келеді. Отырғызатын жер көлемін өзгертуге болады, сіздер ұсынған аумақта өсіруге дайынбыз», - деп атап өткен еді Т.Розметова.

Источник

Поделиться