Перейти к содержанию

Бесінші сәуірде еліміздің барлық мектептерінде жаппай жаттығу жасау шарасы өтеді

Бесінші сәуірде еліміздің барлық мектептерінде жаппай жаттығу жасау шарасы өтеді
ortcom.kz

ҚДСҰО басшылығы ҚР Денсаулық елшілерімен бірге Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өту мәселесін талқылады.

Бүгін Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында ҚР-ның алғашқы Денсаулық елшілері Марат Жыланбаевпен және Ибрагим Ескендірмен кездесу өтті.

Іс-шара барысында 2019 жылы «Баршаға денсаулық» ұранымен өтетін Дүниежүзілік денсаулық күнін (7 сәуір) атап өту мәселесі талқыланды.

Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік Денсаулық күні ДДСҰ, Денсаулық сақтау министрлігі, ҚДСҰО өкілдерінің және Денсаулық елшілерінің қатысуымен АҚДМ-нің Орталық коммуникациялар қызметі базасында брифингтен басталады.

"5 сәуірде еліміздің барлық мектептерінде жаппай жаттығу өтеді, жаттығуды өткізу мақсаты ересектердің позитивтік үлгісімен балалар мен жасөспірімдер арасында денсаулыққа қатысты жауапты, қауіпсіз мінез-құлықты дамыту болып табылады. Мысалы, Денсаулық елшісі, Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко бұл күні Ақмола облысы Жақсы ауданындағы екі мектепте болады; Денсаулық елшісі, Гиннес рекордтар кітабының 7 дүркін рекордсмены Марат Жыланбаев Нұр-Сұлтан қ. №83 мектеп-гимназиясында болады; Денсаулық елшісі, ProBox және WBS Asia нұсқасы бойынша ТМД чемпионы Ибрагим Ескендір астананың №10 мектеп- гимназиясында болады. Олар балалармен бірге жаттығу жасайды, бұдан бөлек, бір-бірінің қолын ұстап, барлығының дені сау болуына қолдау білдіру үшін адамдар тізбегін жасайды,- деді ұйымдастырушылар.

ҚР Денсаулық елшілері өздерінің негізгі қызметі аясында денсаулық үшін қимыл-қозғалыс белсенділігінің артықшылығы, күнделікті дене белсенділігінің ерекшелігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізетіндігін және балалар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтына тартуда үлгі көрсететінін айта кету керек.

Источник

Поделиться