Суармалы жерлерді дамыту жөніндегі іс-шаралар негізінде 3,5 млн га суармалы жерлер сумен қамтамасыз етілмек.

«Бүгінгі күні Қазақстан бойынша суармалы жерлердің көлемі - 1,4 млн. гектар. Жоспарды іске асыру айналымнан шығып қалған, алайда іске жарамды 600 мың га суармалы жерді қалпына келтіруді және жаңа 1,5 млн га жерді іске енгізуді көздейді», - деді А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Кенже Абдуллаев.

Осылайша, 2028 жылға қарай қалпына келтірілетін және жаңадан іске қосылатын суармалы жерлерге байланысты бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде суармалы жерлерден түсетін жалпы табыс 3 727 млрд. теңгеге дейін, 1 қызметкерге өндіріс 5,8 млн. теңгеге дейін өсуі көзделіп отыр.

Сонымен қатар, Бараев атындағы АШҒӨО-да заманауи суару тәсілдерін, суару режимдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің инновациялық агротехнологияларын енгізіп, алынған тәжірибені ары қарай ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметкерлеріне үйрету және оқыту мақсатында 189 га аумақта суармалы полигон құрылып жатыр.

Айта кетсек, «А. И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС жарғылық капиталын ұлғайтып, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру арқасында 2018 жылы жалпы сомасы 823 млн теңгеге 19 дана ауыл шаруашылығы техниксы мен 21 дана арнайы жабдық сатып алынды. Оның ішінде 63 млн теңгеге 6 автокөлік және 432 млн теңгеге 11 трактор, 184 млн теңгеге 2 комбайн және 144 млн теңгеге ауыл шаруашылығы жабдықтары бар.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!

Директор Института законодательства и правовой информации РК Рамазан Сарпеков:

«Все требования, предъявляемые к претенденту в Президенты Республики Казахстан, объективны, соответствуют международным стандартам и требованиям национального законодательства»

Председатель Сената Парламента РК Дарига Назарбаева:

«Новые вызовы требуют активного взаимодействия на уровне национальных парламентов и межпарламентских организаций. Гармонизация национальных законодательств является важнейшим фактором успеха в противодействии терроризму»

181 млн фунтов на реставрацию мечети Султана Бейбарса выделил Египет

2 млрд $ инвестируют в переработку казахстанского минерального сырья