Астанада өткен Жастар жылының ашылу салтанатында бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы Елбасын Байөлкеге шақырды, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Отаннан жырақта жүрген қазақтың бірімін. Байөлке аймағында туып, өстім. Бірақ ата тегімді, Қазақстанымды ешқашан ұмытпадым», - деді ол.

Қазіргі уақытта Астанадағы «Нұрорда» халықаралық мектебінде оқып жатыр.

«Мені танылтқан деректі фильм әлемнің 30 елінде көрсетіліп, "Оскар" киносыйлығының шорт-парақшасына енді. Бұл фильм арқылы әлем қазақтың салт-дәстүрін таныды десем артық емес. Осы Астанада және басқа да қалаларда қазақтың салт-дәстүрін оқытып үйрететтін орталықтар, әсіресе, соның ішінде бүркітшілер мектебі ашылса деген арманым бар», - деп Елбасыға өз арманын білдірді.

Сонымен қатар, бүркітші қыз Елбасын Байнөлке аймағына шақырды.

«Биылғы жылды Жастар жылы жарияладыңыз. Сізге үлкен рахмет. Алтайдағы аз қазақтың аманаты бар еді. Сізді Байөлкеге қонақ болуға шақырамыз. Алыстағы ағайынға барып, дәм татып кетсеңіз бір жасап қалар еді», - деді ол.

Айшолпан Нұрғайыпқызы бүркіт баптап, аңға шығуымен әлемге танылды. Айшолпан қыздың қызығушылығын америкалық режиссер фильмге арқау етті. Сондай-ақ, ол Гарворд және Оксфорд университтертеріне шақырту алған болатын.

Айта кетсек, Айшолпан қыркүйек айында Орталық коммункациялар қызметінде өзінің қатысуымен түсірілген "Көшпенділер" деректі фильмінің тұсаукесеріне қатысқан болатын.