Димаштың 29 маусымда Астанада өтетін «Арнау» атты шығармашылық концертіне дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.
«Өздеріңіз білетіндей, «Қазақстан» корпорациясының ұйымдастыруымен Димаш Құдайбергеннің «Арнау» атты шығармашылық концертін қолға алып отырмыз. Қазіргі сәтте дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұл ауқымды жобаға білікті мамандарды тартып отырмыз. Концерттің декорация эскиздері, техникалық жабдықтау жұмыстары қарастырылып отыр, себебі бұл жоба техникалық тұрғыдан күрделі. Шығармашылық жағынан айта кетсем, әр номер эксклюзивті болады. Әзірше бұл құпия болып қала бермек. Арнайы эффектілер қолданылады»,-деді Ерлан Қарин.
Қазіргі уақытта негізгі шығармашылық топ анықталып, концертті көркемдік, мазмұндық және қойылымдық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылып жатыр.
"Көрерменнің көңілінен шығатындай етіп жаңа әдіс-тәсілдерді қолданатынып ұйымдастырмақпыз. Соның ішінде жаңа технологиялар мен цифрлық әдіс-тәсілдерді қолданамыз. Цифрлық шоу болады. Яғни, жаңа технологиялырды мүмкіндігінше пайдаланымыз. Қазіргі уақытта шығармашылық топпен концертте қолданылатын қойылымдық көріністерді де талқылап жатырмыз. Бұл жұмыстарға арнайы кәсіби топ кіріседі. Қазіргі уақытта ұйымдастырушылық мәселелерді толықтай шештік", - деп атап өтті “Қазақстан” РТРК АҚ Басқарма төрағасы.
Айта кетсек, алдағы бір апта көлемінде Димаштың концертіне билеттер қашан және қайда сатылатыны жарияланбақ.