Перейти к содержанию

Димаш наурыз айында Мәскеуде жеке концертін береді

Димаш наурыз айында Мәскеуде жеке концертін береді
ortcom.kz

Әнші Димаш Құдайберген 22 наурызда Мәскеудегі мемлекеттік Кремль сарайында өтетін жеке концертінде жаңа әндерін орындайды, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«22 наурыз күні Мәскеудегі Кремль сарайында менің Ресейдегі ең алғашқы жеке ән кешім өткелі жатыр. Ол концерттің бұрынғы кештерден өзгеше тұстары көп. Өйткені, мен концерттік бағдарламаны жасаған кезде әр қалаға, әр елге байланысты кішкене өзгерістер енгіземін. Сол себепті, Ресейде өтетін концертімде репетуарыма жаңадан еніп жатқан әндер міндетті түрде орындалады», - деді Димаш Құдайберген.

Айта кетсек, Димаш Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Астанада күніне арналған «Арнау» атты жеке ән кешіне дайындығы туралы баспасөз мәслихатына қатысқан болатын.

Источник

Поделиться