Перейти к содержанию

«EGOV.KZ» пайдаланушылары 8,6 миллионнан асты

«EGOV.KZ»  пайдаланушылары 8,6 миллионнан асты
ortcom.kz

2018 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен сүйемелденетін ақпараттық жүйелердің қолжетімділігінің индексі 99,95%-ды құрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов мәлімдеді.

«ҰАТ» АҚ-ның халыққа көрсететін мемлекеттік қызметтерінің ең басты бағыты болып табылатын eGOV.kz порталын соңғы 10 жылда пайдаланушылардың саны 800 есеге жуықтады. Яғни 2009 жылы 10960 пайдаланушы болса, бүгінгі күні олардың жалпы саны 8,6 миллионнан асты», - деді Әсет Тұрысов.

Сонымен қатар, 2018 жылы портал арқылы аударылған транзакциялар сомасы 18,5 млрд.теңгеден астам соманы құрады.

eGOV.kz порталы арқылы қолданыстағы 235 қызмет пен сервис бойынша 27,5 млн.-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілсе, ал Телеграмм-бот арқылы 24 электрондық қызмет бойынша 141 мың адамнан 160 мың сұрау келіп түсті.

Жыл қорытындысы бойынша Телеграмм мессенджерінде азаматтар тарапынан ең көп қолданылған қызмет - мекенжай анықтамасы, бұл қызмет бойынша 60 мыңнан астам рет анықтама сұратылса, ал Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама шамамен 20 мың рет сұралған.

Источник

Поделиться