2018 жылы электрондық сауда нарығының көлемі 2017 жылмен салыстырғанда шамамен 2 есеге ұлғайып, 269 млрд. теңгені құрады.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2018-2020 жылдарға арналған Электрондық сауданы дамытудың жол картасы әзірленді. Ол 5 негізгі бағытқа бөлінген 28 шарадан тұрады. Нақтырақ айтқанда, электрондық сауданы заңнамалық реттеу, электрондық саудадағы төлем жүйелері, халық пен кәсіпкерлердің цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру, электрондық сауданы ілгерілету, логистикалық инфрақұрылымды дамытудан тұрады», - деді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Сауда қызметін реттеу департаментінің директоры Айжан Бижанова.
Айтуынша, жүргізілген жұмыстардың оң әсері байқалуда. Қазіргі уақытта бөлшек тауар айналымының жалпы көлеміндегі электрондық сауданың үлесі 2,9%-ды құрайды.
«Нарықта 1700 астам интернет-дүкен жұмыс істейді, оның ішінде салықтық жеңілдіктерді алушылар да бар», - деп атап өтті Айжан Бижанова.
Қазір электрондық саудадағы сатып алушылардың саны шамамен 2 есеге артып, 2,3 млн. адамды құрайды. Ал 2017 жылы электронды сауда жасайтын 1,3 млн. адам тіркелген болатын.