Жыл сайынғы екінші Astana Finance Days конференциясы аясында АХҚО бюросы (BCPD) базасында EdTech: People. Inspiration. Progressive Growth білім беру технологияларының алғашқы қазақстандық форумы өтті.
EdTech форумы өз алаңында танымал әлемдік сарапшылар мен білім беру технологиялары саласының жергілікті қатысушыларын, министрліктер мен ведомстволарды, ЖОО-ларды, кәсіби қоғамдастықты, әзірлеушілер мен инвесторларды жинады, олар білім беру технологияларына тартылған және оның индустриясын дамытуға мүдделі, жаңа технологиялар есебінен білімге қол жеткізуді қамтамасыз етпек.
EdTech форумы технологиялар, Халықаралық кәсіби сертификаттау, инновациялар, цифрландыру, инклюзивті тәсілдер, STEM және басқа да озық әдістемелер есебінен адами капиталды сапалы жаңа деңгейде дамытуға серпін беру үшін индустрияны біріктіреді. Жергілікті даналықпен үздік әлемдік тәжірибені біріктіре отырып, АХҚО бюросы EdTech 4.0 индустриясының қалыптасуына үлес қосуға ұмтылады, технологиялар мен адамдар прогреске арналған бірыңғай көзі болатын төртінші индустриялық революцияның шақыруларына жауап береді.
Сонымен қатар, форумның мазмұнды бағдарламасына панельдік сессиялар, воркшоптар және болашақ мамандықтары, білім берудің трансформациясы, білім беруде технологияларды қолданудың қазіргі заманғы трендтері мен әлемдік тәжірибесі, сондай-ақ көптеген пайдалы контент сияқты өзекті тақырыптарға мастер-кластар кіреді.
Іс-шара бүкіл әлемнен табысты тәжірибені пайдалана отырып, адамдардың өмір бойы үздіксіз кәсіби дамуына шабыттандырады.
Форум аясында EdTech Alley көрмесі өтеді, онда конкурстық іріктеуден өткен топ-20 компания менторлық марафонға қатысады, онда халықаралық сарапшылар мен индустрияның әлемдік көшбасшылары кері байланыс береді, елдегі де, әлемдегі де EdTech саласының дамуы мен сараптамасымен бөліседі.