Технологиялық хаб ТМД аумағында алғаш құрылып, елордада кәсіпкерлер мен стартапшыларға арналған заманауи инновациялық алаң өз жұмысын бастады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа алаң стартапшылар тәжірибе алмасып, жобаларды талқылайтын кеңістік құру мақсатында ашылып отыр. Және ол жаңа шешімдер мен идеялардың қайнаған орталығына айналмақ. Алаңда менторлардың, кеңесшілер мен техникалық мамандардың ауқымды желісі жұмыс жасайды.

«ТМД аумағындағы алғашқы «Seedspace Nur-Sultan» атты халықаралық инновациялық алаңға қош келдіңіздер! Бүгінде біздің елорда еліміздің ең жас және мегополис қаласы болып табылады. Сонымен қатар, біздің астанамыз халықаралық маңызды оқиғалар өтетін хаб алаңына айналып отыр. 20 жылдың ішінде елорда барлық бағытта жоғары жылдамдықпен даму үстінде. Әсіресе астаналықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шаралар көптеп жүзеге асырылуда. Жол картасы бағдарламасы бойынша 183 млрд теңгенің 1142 кәсіпкерлік нысаны пайдалануға берілді. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіп субъектілеріне 1 млрд теңгенің көлемінде микрокредит бөлінді. Соның нәтижесінде 9 мыңнан адам жұмыс орнын сақтап қалды және 5600 жаңа жұмыс орны ашылды. Қаланың экономикасы тек көрсеткіштермен ғана емес жыл санап тұрақты және инновациялық тұрғыдан дамып келеді», - деді қала әкімі Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, шаһар басшысы елордада «Ақылды қала», «Big Data», «Сергек», Smart білім, Smart медицина, электронды ПИК жобаларының сәтті іске асырылып келе жатырғанын айтып өтті.

Seedspace Nur-Sultan алаңы 96 адамға арналған 7 кабинеттен тұрады. Оның ішінде коуоркинг кеңселері, конференция залы және демалыс бөлмесі бар.

Бас қаладағы «Hilton» қонақ үйінің жанынан ашылған орталық жыл бойы және 24 сағат бойы жұмыс істейді. Айта кетейік, аталған жоба қала әкімдігі, «Astana Innovations», «Seedstars» және «BI Group» компаниясының бірлесуімен жүзеге асырылды.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!

Глава государства Касым-Жомарт Токаев:

"Весь Казахстан поможет Арыси, будет открыт специальный фонд. Я благодарю общественность города, ветеранов, они работают с населением. Надо разобраться в причинах взрыва, почему это произошло. Уголовное дело открыто, начато расследование. Если есть виновные, то они понесут ответственность по всей строгости закона. В дальнейшем город Арысь должен быть полностью очищен от всякого рода взрывных устройств"

Министр труда и социальной защиты населения Бердибек Сапарбаев:

«С прошлого года изменилась методика определения пенсии. Очень много было жалоб на то, что стаж не влияет на размер пенсии. С учетом просьб населения механизм определения базовой пенсии изменился. У нас 2,1 млн пенсионеров, у них базовая пенсия выросла на 80%. В целом за прошлый год пенсия выросла на 23%»

90,2 % населения обеспеченодоступом к питьевой воде в Казахстане - МИИР РК

6 тыс. квартир будут выделять для многодетных семей в Казахстане ежегодно