Ішкі істер министрлігі Елбасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саланы жаңғыртуды бірнеше бағыттарда жүргізуде. Соның бір бағыты - есірткі қылмысымен күрес.
Аталған бағыт бойынша есірткі сатушыларды анықтау, ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтату және есірткі жеткізу арналарын жоюға бағытталған жұмыстарға ден қойылып отыр.
«Жыл сайын 2 мыңнан астам есірткі қылмысын анықтаймыз. Оның ішінде өткізу фактісі бойынша 1,5 мыңға жуық қылмыстық іс тіркелді, заңсыз айналымнан бір тонна есірткі алынады», - деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Айтуынша, ағымдағы жылы 984 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 708 өткізу фактісі. 3,4 тонна есірткі тәркіленді, оның ішінде 11 кг-нан астамы героин.
Сонымен қатар, есірткінің жаңа түрлеріне жедел ден қоюға мүмкіндік беретін бірқатар заңнамалық шаралар қабылданды.
«Бұрын Есірткі құралдарының тізімі мен Жиынтық кестесі Заңмен анықталды. Енді олар Үкіметтің қаулысымен бекітілетін болады», - деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.
Сондай-ақ, электрондық ресурстар арқылы есірткі сату, сондай-ақ есірткінің электрондық мекенжайларын жазғандарға қылмыстық жауапкершілік қарастыру мәселесі қаралуда.