Перейти к содержанию

iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы Мәскеуде өткен халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы Мәскеуде өткен халықаралық байқауда жеңімпаз атанды
ortcom.kz

Қазақстанның елордалық әкімдігінің Қалалық iKOMEK109 мониторинг және жедел әрекет ету орталығы «Хрусталь гарнитура» тұжырымы бойынша «Үздік байланыс орталықтарын құру/біріктіру жобасы» аталымында жеңіп шықты.

«Бұл марапат – бүкіл команданың 2018 жылғы жұмысының нәтижесі.Қатысушылар арасында біз Қазақстанның жалғыз өкілі болдық. Бизнес саласындағы байланыс орталықтары арасында жеңгенімізге екі есе қуаныштымыз. Әдетте бизнес құрылымдарда консалтингке, байланыс орталықтарына арналған технологияларға мемлекеттік байланыс орталықтарымен салыстырғанда ресурс көбірек бөлінеді. Алайда біздің байланыс орталығымыз толықтай әлемдік үздік тәжірибелер бойынша құрылған. Біз АҚШ-тың, Канаданың, Ұлыбританияның тәжірибесін сіңірдік, ISO және Service Management Model стандарттарын пайдаландық. Хрусталь гарнитура – халықаралық байқау және бүгінде елорданың iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы тек қазақстандық қана емес, сондай-ақ халықаралық абыройға қол жеткізді» - деді Қалалық iKOMEK109 орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

«Хрусталь гарнитура» – ТМД елдері арасында байланыс орталықтары мен клиенттерге қызмет көрсету индустриясындағы ең үздіктерді анықтайтын халықаралық бағдарлама. Бұл табысты тәжірибені зерттеу және кәсіби қауымдастықтың жетістікті мойындауына қол жеткізудің Байланыс орталықтары индустриясындағы ең ауқымды қозғалыс.

Айта кетсек, iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы 2018 жылдың басынан бері жұмыс жасап келеді. Өткен жылы қала тұрғындарынан миллионнан астам өтініш қабылдады. Елордалық әкімдіктің бірыңғай байланыс орталығына тұрғындар қала тыныс-тіршілігінің барлық мәселелері бойынша жүгінеді. Әкімдікке ведомстволық бағынысты 752 ұйымның (аудандық әкімдіктер, коммуналдық және авариялық қызметтер, лифт шаруашылықтары, мемлекеттік медициналық мекемелер) барлық байланыс орталықтары 1-0-9 қысқа нөміріне біріккен болатын.

Источник

Поделиться