Перейти к содержанию

Ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті сақтау үшін заңмен көзделген барлық шараларды қабылдады - ІІМ

Ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті сақтау үшін заңмен көзделген барлық шараларды қабылдады - ІІМ
ortcom.kz

Полицияның барлық іс-әрекеттері заңға сәйкес жүргізілді, деп мәлімдеді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция Комитетінің төрағасы Мақсат Байболов Орталық комуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында.

«Сіздер білетіндей, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында әлеуметтік желілер арқылы жаппай насихаттаудың нәтижесінде заңсыз іс-әрекеттер мен митингілерге жеке азаматтар қатысты. Осылайша, олар біздің еліміздің заңдарын бұзды», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция Комитетінің төрағасы Мақсат БАЙБОЛОВ.

Мақсат Байболов қоғамдық тәртіпті бұзуды тоқтату кезінде 3 полиция қызметкері жарақаттанып, оларға медициналық көмек көрсетілдігін де атап өтті.

Мақсат Байболовтың пікірінше, осыған қарамастан, азаматтардың кейбір топтары заңсыз кездесулер ұйымдастыруға тырысып, басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заңсыз әрекеттер жасай бастады.

«Полицияның әрекеттері туралы айтатын болсақ, барлық іс-шаралар заңмен қатаң сәйкестікте жүргізілді. Тіпті полицияға ашық қарсылық пен агрессия жасалса да, кінәлілерді тұтқындау үшін арнайы құралдар қолданылған жоқ. Көшеде азаматтардың көпшілігімен алдын-ала әңгімелесу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді, содан кейін олар наразылықтарын тоқтатты », - деді Мақсат Байболов.

Ішкі істер министрлігі тыйым салынған ұйымдардың заңсыз әрекеттеріне және қызметіне қатысу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

«Біздің заңдарымызда бейбіт жиналыстар, іс-шаралар, шерулер мен демонстрациялар өткізу тәртібі нақты көрсетілген. Осыған байланысты ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті сақтау үшін заңмен көзделген барлық шараларды қабылдады», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция Комитетінің төрағасы.

Айта кетсек, заңсыз акцияларға қатысқаны, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін 957 тұлға әкімшілік жазаға тартылды.

Источник

Поделиться