Перейти к содержанию

Қазақстанда қызылшамен ауыру жағдайы азайып келеді

Қазақстанда қызылшамен ауыру жағдайы азайып келеді
ortcom.kz

Қосымша вакцинацияның нәтижиесінде сәуір айында қызылша ауруы наурызбен салыстырғанда 17,3% төмендеген, деп хабарлайды ortcom.kz.

«2019 жылдың 1 қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін қызылшаның 7560 жағдайы тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 5339 жағдай, яғни, 70,6%. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ошақтарда иммунизация жүргізіледі, бүгінгі күні 14794 адам егілді», - деді Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин.

Қызылшамен ауыру көрсеткішінің 61,6% - ы егілмеген балалар арасында тіркелген.

«Қызылшадан жалғыз тиімді қорғау вакцинация болып табылады», - деп атап өтті Жандарбек Бекшин.

Айта кетсек, қызылша пневмония, бронхит, энцефалит сияқты асқынуларға ұласып кетуімен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінгенде және ауыр қосымша аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

Источник

Поделиться