Қарулы күштерде жүргізілген тәрбиелік және идеологиялық жұмыс нәтижелері бойынша құқық бұзушылықтың саны 9%-ға төмендеді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының рухани-адамгершілік жаңғыруына берген қарқынының арқасында әскери-патриоттық тәрбие берудің жүйесі жетілдірілуде. Оқушылардың патриоттық сана-сезімін, белсенді азаматтық ұстанымды және Отанға адал қызмет етуге әзірлікті қалыптастыру үшін ҚМ Ұлттық әскери-патриоттық орталығы жанында барлық өңірлердегі филиалдармен «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысы құрылды. Соның негізінде 2020 жылға дейін әскери-патриоттық жұмысты жетілдірудің «Ұлтжанды сарбаз» тұжырымдамасының жобасы әзірленді», - деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров.

Айта кетсек, қарулы күштердегі тәрбие және идеологиялық жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі және әскери тәртіпті, құқық тәртібін нығайтуға, әскери қызметшілердің конституциялық парызға адал болуына, патриотизм сезімі мен қолбасшылық бұйрықтарының мүлтіксіз орындалуына тәрбиелеуге бағытталған.