Перейти к содержанию

Медициналық ұйымдарда Ашық есік күндері өтеді

Медициналық ұйымдарда Ашық есік күндері өтеді
ortcom.kz

Дүниежүзілік денсаулық күні аясында еліміздің медициналық ұйымдарында 3 сәуірден бастап 11 сәуір аралығында Ашық есік күндері өткізіледі, деп хабарлады ortcom.kz тілшісі.

«Ашық есік күндері әр адам өз денсаулығының жай-күйін біліп қана қоймай, арнайы мамандардан консультациялық-диагностикалық және тәжірибелік көмек ала алады», - деді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директоры орынбасарының м.а., Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығы басшысының м.а. Зарина Керуенова.

Сонымен қатар, денсаулық күні аясында түрлі флешмобтар, жаттығулар, веложарыстар және басқа да шаралар ұйымдастырылатын болады. Еліміздегі жалпы білім беретін мектептерде Денсаулық елшілерінің, белгілі спортшылардың және әншілердің қатысуымен жаппай жаттығулар өткізілмек.

Қатысушылары 5 сәуір күні Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, қала әкімдігі, ЮНИСЕФ және №83 мектеп-гимназиясы өкілдерінің қатысуымен Триатлон саябағында өткізілетін жаппай жаттығу жасауға шақырды.

Источник

Поделиться