«Mgov 2.0.» қосымшасы ақпараттық қауіпсіздік сәйкестігі бойынша аттестаттаудан сәтті өтіп, бүгінгі күні азаматтарға 90-ға жуық қызмет көрсетті, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Өткен жылы «mGov» қосымшасы 1,3 млн. рет жүктеліп, 2017 жылмен салыстырғанда 58%-ға немесе 2 еседен астам көрсеткішке артқан. Ал қосымша арқылы 3,6 млн.-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді», - деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Айта кетсек, «Mgov 2.0.» қосымшасы арқылы Наркологиялық диспансерденғ психиатриялық стационардан, туберкулезге қарсы диспансерден анықтама ала алады. Сонымен қатар, қайта некеге тұру туралы, Атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгерту туралы екiншi куәлiкке өтiнiш беруге, Қазақстан Республикасы халқының тұрғылықты жері бойыншатіркелуге, жүргізуші куәлігін алуға, мекен-жай анықтамалығын алуға болады.

Сонымен қатар, ҚР ҰҚК Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен бірлесіп, 2019 жылы Киберқауіпсіздік оқиғаларына қарсы әрекет ету жөніндегі Security Operation Center құрылады.